БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНГЕН КҮН
Жаңа жыл – балалар үшін ерекше қуаныш пен ертегіге толы мереке. Осыған орай, «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының кәсіподақ ұйымы мекеме қызметкерлерінің бүлдіршіндеріне арналған жаңа жылдық сыйлықтар таратты. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің отбасыларына қуаныш сыйлап, кәсіпорынның ұжымдық бірлігін арттыру. «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының кәсіподақ ұйымы бұл шара арқылы өз қызметкерлерінің отбасыларына мерекелік көңіл-күй сыйлаумен қатар, балаларға жаңа жылдық ғажайыптың бар екенін сезіндірді. «ELORDA ECO SYSTEM» ұжымы осындай шараларды дәстүрлі түрде ұйымдастырып, әрбір қызметкер мен оның отбасы мүшелеріне қолдау көрсетуге аса мән береді.
Баршаңызды алда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!