🔹СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР🔹
Қазіргі таңда «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны тарапынан су тасқынына қарсы шаралар белсенді түрде қолға алынды.
Су тасқынына қарсы шаралар аясында көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері нөсер кәріз жүйелерін жуып, қоқыс пен лайдан тазалап, олардың су өткізу қабілетін арттыруда. Сондай-ақ, арық-науа желілерін қардан, сорғы станциялары мен тазарту нысандарын қар мен қоқыстан тазарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Бұл жұмыстар көктемгі су тасқыны қаупін азайтуға, қаланың су басу қаупі бар аймақтарында су ағымын реттеуге бағытталған.
#elordaecosystem#сутасқынынақарсышаралар#astana#елорда
