Кәсіпорында мерейтойлық жасқа толған қызметкерлерді құттықтау рәсімі өтті

Кәсіпорнымызда мерейтойлық жасқа толған қызметкерлерді салтанатты түрде құттықтау рәсімі өтті. Кәсіпорынның бас директоры қызметкерлерге көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және елордамыздың коммуналдық саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Биыл мерейтойларын атап өткен қызметкерлер:
Кенжетаев Мұрат Башимұлы — Нұра ауданының (нөсерлі кәріз) апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары, 60 жас;
Малинбаев Мұратхан Малинбайұлы — Бас механик қызметінің жүргізушісі, 60 жас;
Бекетаев Айбек Ескендірұлы — сорғы станциясының сорғы қондырғыларының машинисі, 50 жас;
Сатеков Нұрлыбек Тлешұлы — Байқоңыр ауданының (нөсерлі кәріз) апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары, 50 жас.
Абдрахманов Серик Темірұлы — жеңіл көлік жүргізушісі.
Кәсіпорын басшылығы мерейтой иелеріне өз ісіне деген адалдығы, жауапкершілігі және қаланың инженерлік инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ұжым да құттықтауға қосылып, оларға зор денсаулық, амандық және еңбектеріне табыс тіледі. Мұндай кездесулер кәсіпорынның игі дәстүріне айналып, көптеген жылдар бойы қаланың коммуналдық қызметтерінің дамуына және олардың үздіксіз жұмыс істеуіне елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға деген құрметтің белгісі болып табылады.
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4Gallery image 5
Юридический адрес предприятия:
Республика Казахстан, город Астана, улица Жетіген, № 24
+7 (7172) 918-453 - Приемная
+7 (7172) 918-819 - Центральная диспетчерская служба
elordaecosystem@mail.ru
Наши социальные сети