Нөсерлі кәріз жүйесін жоспарлы тазарту: су басудың алдын алу және инфрақұрылым сенімділігін арттыру
«Триатлон» паркінде «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері нөсерлі кәріз инфрақұрылымын күтіп ұстау және қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар кешенін жүргізді. Іс-шаралар аясында арық желісі механикаландырылған тәсілмен тазартылып, сондай-ақ Сәтпаев көшесі бойындағы құбырлар мен қарау құдықтары гидродинамикалық әдіспен жуылды.
Аталған жұмыстар жерүсті сулардың қалыпты өтуіне кедергі келтіретін лай шөгінділерін, тұрмыстық қалдықтарды және басқа да ластаушы заттарды жоюға бағытталған. Мұндай іс-шараларды жүргізу су бұру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Атап айтқанда:
— арықтар мен құбырлардың өткізу қабілеті артады;
— бітелулер мен апаттық жағдайлардың туындау қаупі төмендейді;
— жауын-шашын кезінде су басу ықтималдығы азаяды;
— іргелес аумақтың санитарлық жағдайы қамтамасыз етіледі.
Нөсерлі кәріз желілерін уақтылы күтіп ұстау қалалық инфрақұрылымның жалпы сенімділігін арттыруға және тұрғындар мен қала қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Жұмыстар бекітілген өндірістік жоспарға сәйкес қаланың әртүрлі аудандарында жүйелі түрде жүргізілуде.