MEGA Silk Way маңында жаңа жаңбыр суын қабылдағыш құдықтың құрылысы аяқталды

“MEGA Silk Way” сауда ойын-сауық орталығы ауданында жаңа жаңбыр суын қабылдағыш құдығының құрылысы жүргізілді.
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК жөндеу-құрылыс учаскесінің қызметкерлері нөсерлік кәріз жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жобаны жүзеге асырды. Жұмыс аясында қолданыстағы инженерлік желілерге қосылған жаңа жаңбыр суын қабылдау құдығы орнатылды.
Негізгі мақсат — жауын-шашын кезінде жер үсті суларын жедел бұруды қамтамасыз ету және іргелес аумақта су басудың алдын алу болды.
Жаңа нөсерлік инфрақұрылым элементінің құрылысы:
- қолданыстағы желілерге түсетін жүктемені азайтуға;
- жүйенің өткізу қабілетін арттыруға;
- жаяу жүргіншілер мен автокөліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
Жұмыстар барлық техникалық және құрылыс нормаларын сақтай отырып, жоспарлы түрде жүргізілді.
Юридический адрес предприятия:
Республика Казахстан, город Астана, улица Жетіген, № 24
+7 (7172) 918-453 - Приемная
+7 (7172) 918-819 - Центральная диспетчерская служба
+7172 918-453 (вн.122) - Антикоррупционная комплаенс-служба
elordaecosystem@mail.ru
Наши социальные сети