«Elorda Eco System» ардагерлерді 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады
Ұлы мереке — 9 мамыр, Жеңіс күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне шынайы құттықтауларын жолдап, терең алғыстарын білдірді.
Осы атаулы күні кәсіпорын өкілдері ардагерлерге арнайы барып, мерекемен құттықтап, олардың соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі кезеңдегі теңдессіз ерлігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін ризашылықтарын жеткізді.
Жеңімпаз ұрпақтың ерлігі әрдайым ержүректік пен табандылықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің символы болып қала береді. Біз бейбітшілік пен бостандықты қорғап, еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосқан жандарға алғыс білдіруді мақтан тұтамыз.
«Elorda Eco System» алдағы уақытта да ұрпақтар сабақтастығын сақтап, ардагерлерге қолдау көрсетіп, халықтың ұлы ерлігін құрметтей береді.
Ардагерлерге зор денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр және ашық аспан тілейміз.


