2024 жылдың бірінші жұмыс күні кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподағы, жалпыға міндетті оқу құқығы аясында «Жеке еңбек дауы, 2023 жылғы Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер, жанжалдарды басқару» тақырыбында тренинг өткізді.
Шақыртылған спикер, PhD, MBA докторы, ICBT бизнес-жаттықтырушысы, ISTA шебері, CCE ICF коучі Бибігүл Шәкірбайқызы Ағыбаева жеке еңбек дауларды қарастыру, еңбек қатынастарындағы жанжалдарды шешудегі тәжірибелерімен бөлісті. Тренингке кәсіпорынның жүзден астам қызметкері қатысты. Бизнес-жаттықтықтырушы тренингте қатысушылар арасында мейірімділікке, дұрыс көзқарас пен өзара жанашырлыққа қол жеткізді. Оқыту барысында алған білім тыңдаушыларды қызмет орнында оңтайлы пайдаланып, іске асыруға ынта берді. Тренингке қатысқан әр тыңдаушы жұмыс барысындағы рөлі мен орнының маңыздылығын жоғары бағалай отырып, еңбек қарым-қатынасының даусыздықтың құндылығын және де біздің Кәсіпорнының ең басты орында әр қызметкерге жанашырлықпен қарайтындығын, жұмыс учаскелерінде қауіпсіз еңбек жағдайын жасайтынына көз жеткізді.