Біздің көрсеткіштер

228 492м.п.
Жуылған коллекторлар
17 341дана
Бақылау, жаңбыр қабылдау құдықтары тазартылды
15 310м.
Буланған құбырлар
164 123м.п.
Арық-науа желісі тазартылды
985 745м3
Су айдалды
14 210т.
Шламды (кір мен қоқысты) шығару

Сарайшық ауданында инженерлік желілерді тазарту және коллектор люгін ауыстыру жұмыстары қолға алынды

Астана қаласының нөсер кәріз жүйесінің үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ШЖҚ МКК «Elorda Eco System» қызметкерлері қала аумағындағы құбырлар мен құдықтарды жөндеу-тазалау шараларын іске асыруда. Кезекті жоспарлы жұмыстар аясында Сарайшық ауданы, Атамұра көшесі бойындағы нөсер кәріз желілерін лай-тұнба мен бөгде қалдықтардан тазарту үшін арнайы мамандандырылған техника тартылды. Сонымен қатар, учаскеде тозған коллектор люгін жаңасына ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар көше-жол желісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жауын-шашын кезінде су жиналуының алдын алуға мүмкіндік береді.