Сәйкестік туралы Декларацияға қол қою процесінің сипаттамасы

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК аяқталған құрылыс объектілерін пайдалануға беру кезінде сәйкестік туралы Декларацияға қол қояды. Сәйкестік туралы Декларацияға қол қою процесі нөсерлі кәріз желілерін тексеруді, мамандандырылған бейнедиагностика техникасын (жеке тұрған объектілерді, тұрғын үй кешендерін, жолдарды, сорғы станцияларын, тазарту құрылыстарын) жүргізуді, сондай-ақ техникалық құжаттаманы зерделеуді қамтиды.

Ескерту:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №235 бұйрығымен бекітілген «сәйкестік туралы декларацияның» 11-тармағына сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілер нөсер кәрізінің магистральдық желілеріне қосылған сыртқы инженерлік коммуникациялар бойынша ғана декларацияға қол қояды.