«Тазару» Жалпыұлттық акциясы

🌿🧹23 наурызда өңіраралық “тазалық эстафетасы” мен “Тазару” жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде, сондай-ақ Наурызнаманың онкүндігінде тазарту және жаңарту күнін қолдау мақсатында “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК қызметкерлері қоршаған кеңістікке төмендегідей үлес қосып, қатысты:

– Қоршаған ортаның тазалығы мен сақталуын қамтамасыз ету үшін сорғы станциялары мен тазарту қондырғыларын тазалау.
– Жұмыс орнында қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік ғимаратты, оның ішінде қарды, терезелерді және шатырды тазалау.
– Таза және жағымды қоршаған кеңістікті құру мақсатында аумақты жалпы тазарту.

Осы маңызды іс-шараға атсалысқан барлық жұмыскерлер мен қызметкерлерге алғыс айтамыз! 💚🌍

#ЕЛОРДАЭКОЖҮЙЕЛЕР#Тазару#наурыздама # Экология # тазалық #табиғатты сақтау