Жаңа жылмен құттықтау

🎄Жаңа жылдың басталуына байланысты «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК «Қызметкерлердің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы А.Хасенов пен Бас директор Т. Шодановтың атынан келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, кәсіподақтың барлық мүшелеріне сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлерінің балалары Астанадағы Оқушылар сарайындағы Жаңа жылдық шыршаға қатыса алды, онда Аяз Ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлерімен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, театр ұжымдары қойған сахнада жаңа жылдық ертегімен жалғасты.