📢РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН СҰЙЫҚТЫҚ ТӨГІНДІЛЕРІН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ📢
Біздің кәсіпорын нөсер кәріз желісіне рұқсат етілмеген сұйықтық төгінділерін анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Бүгін Қазыбек би, 37 көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінде бұзушылық әрекеті тіркелді. Тұрғын үй кешенінен шығып жатқан шаруашылық-тұрмыстық қалдықтар «ElordaEcoSystem» ШЖҚ МКК қарасты нөсер құбырына құйылып жатқандығы анықталды. Аталған оқиға бойынша экологиялық және жергілікті полицияға хабарлама беріледі. Құрметті елордалықтар, «ElordaEcoSystem» ШЖҚ МКК рұқсатынсыз мекемеге қарасты құбырлар мен магистральға сұйықтық төгінділерін төгуге болмайтындығын ескертеміз.