ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАҚЫЛАУДА

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАҚЫЛАУДА

«ELORDA ЕCO SYSTEM» кәсіпорны бас қаладағы жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді. Кәсіпорынның экология бөлімінің басшысы Галеев Батырбек Хамитбекұлы жауын суын жинайтын кәріз жүйесінің тазарту нысандары мен жинақтаушы тоғандардың жұмыс барысын бақылап шықты. Тексеру барысында тазарту процестерінің экологиялық стандарттарға сәйкестігі назарға алынды. Жауын суларының сапасын жақсарту үшін қолданылатын технологиялар табиғи ортаға зиянды әсерлерді азайтуға бағытталған. Жауын суын тазарту жүйелері судың құрамындағы зиянды заттарды тиімді түрде сүзіп, оны қайта пайдалану мүмкіндігін қарастырады. Кәсіпорын экология саласындағы жұмыс сапасын үздіксіз жетілдіруді көздеп, табиғатты қорғауға үлес қосу жолындағы шараларды үнемі жалғастырып отырады.

Экологияны бірге қорғайық!