РҰҚСАТСЫЗ СҰЙЫҚТЫҚ ТӨГІНДІЛЕРІН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ
Құрметті Астана қаласының тұрғындары!
Біздің кәсіпорын нөсер кәріз желісіне рұқсатсыз төгілетін сұйықтықтарды анықтау және алдын алу бойынша жұмыстарды үздіксіз жүргізуде. Бүгін Сәкен Сейфуллин көшесі, №49/2 мекенжайында орналасқан «Замандас» кафесінде заң бұзушылық әрекеті тіркелді. Анықталған дерек бойынша, кафенің шаруашылық-тұрмыстық қалдық сулары «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК-ға қарасты нөсер кәріз құбырына заңсыз төгілген. Оқиға орнында тиісті акт толтырылып, жағдай туралы экологиялық бақылау органдарына және жергілікті полицияға хабарланды.
«ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК-ға тиесілі құбырлар мен магистральдарға қандай да бір рұқсатсыз сұйықтықтарды төгуге қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекеттер экологияға айтарлықтай зиян тигізіп, қала инфрақұрылымына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Экологияға жанашырлықты өзімізден бастайық!
Сіздің қолдауыңыз экологияны қорғауға және қала тазалығын сақтауға үлкен үлес қосады!