✅1600 ММ СУ КОЛЛЕКТОРЫН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ✅
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығымен 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Ал,
«ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының қызметкерлері нағыз жұмысшы мамандық иелері және еңбек адамдары. Кәсіпорын бас қаланың экологиялық тазалығын сақтау мен тұрғындар үшін жайлы ортаны қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысын қарқынды түрде жалғастырып келеді. Бүгінгі таңда көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері «Көктал» шағын ауданында орналасқан № 3/2 тазарту нысанында диаметрі 1600 мм су жеткізу коллекторын лай мен қоқыстан тазартып жатыр. Тазарту жұмыстары механикалық әдіспен, арнайы «жүк тартқыш» яғни «лебедка» көмегімен жүргізілді. Тазарту нысанының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шара нәтижесінде бүгін су коллекторынан 4 тонна қоқыс пен лай шығарылды. Кәсіпорын тарапынан жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
#elordaecosystem#astana#елорда#лебедка