ӨНІМДІЛІК ДЕҢГЕЙІ АРТТЫ
«ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК – Астана қаласы мен қала маңындағы аумақтардың нөсер кәріз жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жаңғырту жұмыстарымен айналысатын маңызды кәсіпорын.
Біз:
🔹 Нөсер ағындары мен жер асты суларының жиналуын болдырмаймыз;
🔹 Су бұру жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз етеміз;
🔹 Қаланың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға атсалысамыз.
Кәсіпорынның көрсеткіштері:
✅ 2020 жылы:
* 445,8 шақырым магистральды коллекторлар мен жаңбыр, және нөсерлік кәріз желісін, 34 шақырым арық-науа желісін күтіп ұстау;
* 13 су тазарту нысаны және 74 сорғы станциясы.
✅ 2025 жылы:
* 674,5 шақырым магистральды коллекторлар мен жаңбыр, және нөсерлік кәріз желісін, 51,5 шақырым арық-науа желісін күтіп ұстау;
* 18 су тазарту нысаны және 118 сорғы станциясы.
ELORDA ECO SYSTEM – қала инфрақұрылымының сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуінің кепілі!