🔹«ЕҢБЕКТІҢ ЕРЕН ТҰЛҒАЛАРЫ: МАХСАТ БУДУКОВ»🔹

🔹«ЕҢБЕКТІҢ ЕРЕН ТҰЛҒАЛАРЫ: МАХСАТ БУДУКОВ»🔹

📍Еңбегімен елге танылған азаматтар – нағыз құрметке лайық тұлғалар. Бүгін біз «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының нағыз кәсіби мамандарының бірі – Будуков Махсат Болатұлы туралы айтқымыз келеді.

📌Ол кәсіпорын құрылғалы бері осы салада аянбай еңбек етіп келеді. Махсат Болатұлы сорғы станцияларын пайдалану қызметінің апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарьлар бригадирі қызметін атқарады. Жалпы 19 жылдық тәжірибесі бар білікті маман.

🔝Кәсібіне деген адалдығы мен еңбекқорлығы, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы – оны әріптестері арасында сыйлы, ұжымда беделді етеді. Оның еңбегі – тек жеке жетістік емес, бүкіл кәсіпорынның тұрақты дамуына қосылған зор үлес.

Еңбексүйгіш мамандардың мәртебесі әрдайым жоғары болсын!