БАСПАНА АЛУ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Баспана – әр азаматтың басты қажеттіліктерінің бірі. Өз үйіне қол жеткізу – көптеген адамдар үшін маңызды мақсат, ал оны жүзеге асыру үшін қолжетімді бағдарламалар мен қаржылық мүмкіндіктерді білу қажет. Осы мақсатта “ELORDA ECO SYSTEM” кәсіпорнында қызметкерлердің тұрғын үй алу мүмкіндіктерін кеңінен талқылауға арналған кездесу өтті.
Іс-шараға Астана қаласы тұрғын үй басқармасы мен “Отбасы Банк” АҚ өкілдері қатысып, тұрғын үйге қатысты өзекті мәселелерді түсіндірді.
Мамандар қандай ақпаратпен бөлісті?
🔹 Бекжан Жанболатұлы – Астана қаласы әкімдігінің “Тұрғын үй қоры” КММ кеңес беру және құжат айналымы бөлімінің басшысы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары, үй кезегіне тұру тәртібі және әкімдік тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады.
🔹 Маханбетова Шолпан – “Отбасы Банк” АҚ-ның 1-санаттағы маманы ретінде банк арқылы баспана алу тетіктерін, жинақ жүйесінің артықшылықтарын және несие рәсімдеу талаптарын түсіндірді.
🔹 Бөрібек Бағлан мен Жакупов Сәбит – “Отбасы Банк” АҚ-ның қаржы кеңесшілері ретінде қолжетімді ипотекалық бағдарламалар, бастапқы жарнаны жинау жолдары және несие төлеудің ыңғайлы шарттары туралы баяндады.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері баспаналы болу жолдарына қатысты сұрақтар қойып, мамандар тарапынан нақты әрі жан-жақты жауаптар алды. Қатысушыларға ипотекалық бағдарламалардың ерекшеліктері, алғашқы жарнаны жинақтау стратегиялары және несие төлеудің икемді шарттары түсіндірілді.
«ELORDA ECO SYSTEM» ұжымы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Баспана – кез келген адамның өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор, сондықтан мұндай кездесулер кәсіпорын қызметкерлерінің тұрғын үйге қатысты сауаттылығын арттырып, өздеріне тиімді мүмкіндіктерді таңдауға көмектеседі.

