КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН, БІРАҚ МАҢЫЗДЫ МАМАН

📍КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН, БІРАҚ МАҢЫЗДЫ МАМАН

👷🏻‍♂️Еңбек адамы – ел мақтанышы. Қоғамның сан түрлі саласында еңбек етіп, сол бағытты алға жылжытуға үлес қосып жүрген жандар нағыз құрметке ие.

🏙️Еліміздің бас қаласының өркендеуі, инженерлік инфрақұрылымының сенімді жұмыс істеуі – мыңдаған еңбек адамдарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі. 25 жылдан астам Астана қаласының дамуына аянбай еңбек етіп жүргендердің бірі – Құрманбаев Ерлан Қасымұлы.

📌Еңбек жолын қарапайым жұмысшы ретінде бастаған Ерлан Қасымұлы өз ісіне деген адалдығы мен жауапкершілігінің арқасында кәсіби тұрғыда өсіп, бүгінде «Elorda Eco System» кәсіпорнында нөсерлі кәріз желілерін пайдалану қызметінің жетекшісі қызметін атқаруда.

🔹Қаланың инженерлік инфрақұрылымын күтіп ұстау – үздіксіз еңбек пен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Біздің кәсіпорын көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды атқаруда. 675 шақырым нөсерлі кәріз желісі мен 51 шақырым арық-науа жүйесін қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Құбырларды мұздан тазарту үшін арнайы техника, соның ішінде «Урал» базасындағы буландыру құрылғылары қолданылуда. Осындай маңызды міндетті арқалаған Ерлан Қасымұлы мен оның әріптестері қаланың экологиялық тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуде.

Біздің басты мақсатымыз – Астана тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру!

#elordaecosystem#astana#жұмысшымамандықтаржылы