КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Астана қаласында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. “Elorda Eco System” кәсіпорны су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, тасқынға қарсы дайындықты күшейтті.
✅ 2025 жылдың басынан бері атқарылған негізгі жұмыстар:
🔹 668 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды;
🔹 13 367 метр құбыр жуылып, тазартылды;
🔹 67 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды;
🔹 Инженерлік жүйелерден 1 226 тонна лай мен қоқыс шығарылды;
🔹 31 375 метр арық-науа желілері қар мен мұздан тазартылды;
🔹 3 875 м³ қар тазарту нысандарынан полигонға шығарылды;
🔹 590 метр құбыр буландырылды.
📌 “Elorda Eco System” кәсіпорны қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы, 24/7 режимінде жұмыс істейді.
✅ Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар тұрақты бақылауда және қарқынды жүргізілуде.
