🔹КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ: АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ🔹

🔹КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ: АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ🔹

📌Қазіргі таңда «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны су тасқынының алдын алу шараларын қарқынды түрде жүргізуде. Қаланың су өткізу жүйелерінің жұмысын жақсарту мақсатында нөсер кәріз жүйелері мен нөсер суын қабылдайтын құбырлар ыстық сумен жуылып, қоқыс, лай және мұздан тазартылды.

🚜Сонымен қатар, арнайы экскаватор техникасының және кәсіпорын қызметкерлерінің көмегімен арық-науа желілері қар мен мұздан тазартылуда. Арық-науа құбырларындағы мұзды еріту үшін «Урал» арнайы техникасы қолданылып, буландыру жұмыстары жүргізілуде.

📍Аталған шаралар көктемгі су тасқыны қаупін азайтуға және су басу қаупі бар аймақтарда су ағымын реттеуге бағытталған.

«ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеуде.

#elordaecosystem #astana #елорда #көктемгісутасқынынақарсышаралар