Құрметті Отандастар! Қадірлі әріптестер және елорда тұрғындары!
Сіздерді көктем мезгілінің алғашқы күнінен бастау алатын Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ызғарлы қыс пен жайма шуақ көктем мезгілінің арасындағы алтын көпір іспеттес атаулы мереке жасампаз еліміздің бірлігі мен тұтастығының көрінісі. Бұл күні барша отандастарымыз бір-біріне мерекелік ыстық ықыластарын білдіріп құттықтап жатады.
Алғыс айту күні – мейірімділік пен ізгіліктің, бірлік пен татулықтың мерекесі. Тіршілік атаулысына қайтадан жан бітіп, жаңадан түлеп жаңарған сәттегі мереке қарсаңында баршаларыңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Бірлік пен өзара қолдаудың арқасында үлкен жетістіктерге жете берейік!
Ізгі ниетпен,
Астана қаласы әкімдігінің
«ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК
