Нөсер кәрізіне қызмет көрсету

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК тұрақты негізде нөсерлі кәріз желілеріне қызмет көрсетумен айналысады. Осы айдың басынан бастап 3000 м. п. астам құбырлар жуылды, 200-ден астам жаңбыр қабылдайтын торлар мен бақылау құдықтары кірден және Лай тазаланды, 20 тонна лай шығарылды. Бейнеде мамандандырылған техниканың көмегімен және қолмен тазалау көрсетілген.