Жөндеу-құрылыс жұмыстары

🚧2023 жылғы 15 мамырда Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері Тұран 52 мекенжайы бойынша нөсер кәрізінің жалғау құбырын (15м/200мм) ауыстыру бойынша жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізді. Жолдың жөндеу учаскесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.