Бүгін
аудан әкімдіктерінің, ТЖД, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, қаланың коммуналдық қызметтерінің өкілдерімен алдағы жазғы маусымға нөсерлі кәріз жүйелерінің дайындығы мәселесіне қатысты сұраққа арналған кеңес өткіздім.
⠀
Нөсерді тазарту қондырғылары және олардың тиісті түрде жұмыс істеуі осы саладағы мамандардың бақылауына негізделген.
Бұл бағытта жұмысты қаламызда «Elorda Eco System»ШЖҚ МКК компаниясы атқарады.
⠀
Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды, әсіресе
жауын-шашын мол жауған кезде тиімді шаралар қабылдау мақсатында өзара іс-қимыл ерекше назарда болуы тиіс екенін баса айттым.
⠀
Сондай-ақ жауапты тұлғаларға нөсер кәрізін тазартуға, қала аумағындағы су бұру каналдары желісінің жұмысын қадағалауды тапсырдым.