Ақылды сәрсенбі: Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қозғалыс қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар бөлімі

Апта сайынғы «ақылды сәрсенбі» өткізу шеңберінде ЕҚ,ҚТ,ДБ және ТЖ бөлімімен «еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнама»тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Қызметкерлердің назарына ҚР Еңбек кодексінің және еңбекті қорғау саласындағы басқа да нормативтік актілердің негізгі талаптары, сондай-ақ бұзушылықтар үшін жауапкершілік жеткізілді.
Дәріскер Д. Тыныштығұлова еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ықтимал бұзушылықтардың мысалдарын және қолда бар практикалық тәжірибенің салдарын келтірді.