БҮГІН БІЗГЕ 5 ЖЫЛ

🔝ЕҢБЕК АДАМДАРЫ АРДАҚТАЛДЫ🔝

📌24 қаңтар – «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының негізі қаланған күн! Бүгін компанияның 5 жылдық мерейтойы қарсаңында салтанатты іс-шара өтті. Кәсіпорын әкімшілігі барлық әріптестерін айтулы мерекемен құттықтап, олардың ел дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Күнделікті көрінбейтін майданда қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтар ардақталып, марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

👥Басшылық құрам кәсіпорынның және оның қызметкерлерінің 5 жыл ішінде атқарған жұмыстары мен жеткен жетістеріне тоқталды. Кәсіпорынның дамуына елеулі үлес қосқан еңбек адамдарына Астана қаласының әкімі Қасымбек Жеңіс Махмұдұлының, елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың және қалалық коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Ерлан Сыздықовтың, кәсіпорын басшылығының атынан арнайы алғыс хаттар табысталды.

⭐️Бұл марапаттар – еңбекті бағалаудың, жауапкершілік пен адал қызметтің айқын дәлелі.

🎼🎤Кәсіпорын қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып, әсем ән мен күмбірлі күймен салтанатты шараның көркін қыздырды. Жиналған жұртшылық мерекелік көңіл күй сезінді.

🔹Салтанатты шара соңы қызметкерлерге арналған дастарқанмен жалғасты.

Еңбектеріңіз жемісті болсын, еңбек адамдары! Кәсіпорынның 5 жылдық мерейтойы құтты болсын!

#elordaecosystem#5жыл#elordaecosystem5жыл