ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Әр саланың маманы, әрбір еңбек адамы – қоғамның нағыз тірегі. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Қоғамда еңбек адамы бірінші орында тұруы тиіс. Шын мәнінде, барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік» деп атап өткен. Осыған дәлел ретінде «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының қызметкерлерін айтуға болады. Олар – көзге көрінбейтін майданның нағыз жауынгерлері. Аязды қыс мезгіліне қарамастан, қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында тәулік бойы аянбай еңбек етуде. Кәсіпорын мамандары қаланың су ағымының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін арық-атыздар мен нөсер қабылдағыштарды тазартып, қажетті қорғаныш торларын орнатып жатыр. Қыс мезгілінде табиғаттың қатал жағдайында атқарылып жатқан бұл жүйелі жұмыстар елорданың таза әрі қауіпсіз қалпын сақтау үшін аса маңызды.