Жаңа 2024 жыл!

Барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып әрі ең көңілді мерекелердің бірі- Жаңа жыл да келіп қалды.
Баршаңызды осы тамаша мерекемен құттықтаймыз және «Elorda Eco System» кәсіпорнының ұжымы атқарған жұмыстың нәтижелерімен бөліскіміз келді.
Біздің мекеме қысқа мерзім ішінде қаланың су бұру және нөсер кәрізін тазарту бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Алдағы жылда, мекеме қызметкерлері жұмысты одан әрі жақсарту үшін алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер қойып отыр. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 117 285 м.к. коллекторлар, 7 595 қарау және жаңбыр қабылдау құдықтары тазартылды, 105 755 м.к. арық желісі тазартылды, 90 647 м3 су тазаланды, 609 торлар мен құдықтар ауыстырылып, орнатылды, 1 408,32 тонна лай шығарылды.

Өз жұмысын адал атқарып келген жұмысшыларымызға алғысымызды білдіреміз. Биылғы жаңа жылда қызметкерлерге, жұмысшылыарға және олардың балаларына сыйлықтар таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Біз келер жылда бірге прогресстің, тұрақтылықтың және қоғамның әл-ауқатының жақсаруына жұмыс жасалынуына байланысты асыға күтеміз.
Жаңа жылда баршаңызға өмірде сәттілік және жетістіктерге толы қуанышты күндер тілейміз!