2024 жылғы 7 ақпан күні Кәсіпорынның жүргізушілері, механизаторлары инженер-техникалық қызметкерлеріне Астана қаласы ІІД, әкімшілік полиция инспекторлары полиция капитаны Б.С.Хожабергенов және полиция аға лейтенанты К.Ж.Жанибековпен Жол жүру ережелерін және қозғалыс қауіпсіздігін түсіндіру бойынша кездесу ұйымдастырылды.
@police__astana Семинарды өткізуге көмектескеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздердің үлкен қолдауларыңыз бен қосқан үлестеріңіздің арқасында іс-шара сәтті өтті. Алда да тиімді ынтымақтастығымыз өз жалғасын табады деп сенеміз.