✅Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «ELORDA ECO SYSTEM» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2020 жылы 24 қаңтар күні құрылды.
🏙️Кәсіпорын еліміздің бас қаласының су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірден бір ұйым. «ELORDA ECO SYSTEM»– Астана қаласы мен қала маңындағы аумақтарда коллекторлар мен нөсер кәріз жүйелерін пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жаңғыртуға жауапты маңызды кәсіпорын.
🔝Ұйымның басты мақсаты – инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету арқылы тұрғындар мен кәсіпорындардың жайлылығы мен әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ су бұру жүйесінің сапалы жұмысын қолдау.
📍Кәсіпорынның қызмет саласына нөсер кәріз желілерін күтіп ұстау, нөсер ағындары мен жер асты суларының жиналуын және бұрылуын қамтамасыз ету кіреді. Сонымен қатар, нөсерлік және дренаждық кәріздер, сорғы станциялары мен тазарту құрылыстарына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
🚜Кәсіпорын теңгеріміндегі 101 арнайы техника мен 37 мотопомпа және білікті арнайы мамандар тәулік бойы (24/7) елорданың тазалығын, жайлылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге сақадай сай. Қазіргі таңда кәсіпорын 674,5 шақырымдық магистральді коллекторлар мен нөсерлік дренаждық кәріз желілеріне, 51,5 шақырым арық-науа жүйесіне техникалық қызмет көрсетеді. 18 тазарту нысаны, 1 жинақтаушы тоған және 118 дана насостық станция тұрақты жұмыс істеп тұр.
🔹«ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының жұмысы – қала инфрақұрылымын қолдаудағы маңызды фактор. Жұмыс тиімділігін арттыруүшін кәсіпорын заманауи техникалық шешімдер мен әдістерді қолдана отырып, елорда тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту жолында үнемі еңбек етеді.
#elordaecosystem#astana#елорда