«ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУ – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНУ СӘТІ»
Өндірістің жүрегі – еңбек адамы. Әр саланың маманы, әрбір еңбек адамы – қоғамның нағыз тірегі. «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнында еңбектің нағыз үлгісі болып жүрген жандардың бірі – Жәңгірханов Сұлтанбек Кеңісбекұлы. Ол елорданың игілігі үшін аянбай еңбек етіп келеді. 47 жылдық еңбек жолын абыроймен атқарған арда азаматтың соңғы бес жылға жуық өмірі «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнымен тығыз байланысты болды. Кәсіпорын негізі қаланған 2020 жылдан бері шынайы еңбекқорлық пен адалдықтың символын көрсетіп келеді. Ол өз ісіне деген сүйіспеншілігімен, жауапкершілігімен және адамгершілігімен ұжымына үлгі бола білді. Оның еңбегі – елорда тұрғындарының таза, жайлы ортада өмір сүруіне қосқан баға жетпес үлесі. Бүгін Сұлтанбек Кеңісбекұлы өмірінің жаңа бір кезеңіне қадам басып, зейнет жасына жетіп отыр. Бұл – адал еңбектің ақталған шағы, абыройлы демалыстың бастауы. Оның еңбек жолындағы жетістіктері мен үлгі боларлық қасиеттері жас ұрпаққа бағыт-бағдар болары сөзсіз. «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының ұжымы еңбек ардагеріне құрмет көрсетіп арнайы медаль мен алғыс хат табыстап, иығына қазақы дәстүр бойынша шапан жапты. Әріптестері ізгі тілектерін жеткізді. Сұлтанбек Кеңісбекұлына алдағы зейнеттік өмірінде зор денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз.
#elordaecosystem#astana