Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері Ташенов көшесіндегі нөсер кәріз желісін тазарту бойынша жұмыстар жүргізді. Қалыпты су өткізу қабілеті үшін мамандандырылған техниканың көмегімен кәріз коллекторын жуу және су сору жүргізілді. Осылайша, айдың басынан бастап 3700 м-ден астам коллектор жуылып, 75-тен астам бақылау құдықтары тазартылды.