КӘСІПОРЫННЫҢ 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ

«ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК – Астана қаласы мен қала маңындағы аумақтарда коллекторлар мен нөсер кәріз жүйелерін пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жаңғыртуға жауапты маңызды кәсіпорын.
Кәсіпорынның басты міндеттері:
– ​Астана қаласы бойынша толықтай нөсер кәріз желілерін күтіп ұстау;
-​ Нөсер ағындары мен жер асты суларының жиналуын және бұрылуын қамтамасыз ету;
– ​Нөсерлік және дренаждық кәріздер, сорғы станциялары мен тазарту құрылыстарына қызмет көрсету;
– ​Инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету арқылы тұрғындар мен кәсіпорындардың жайлылығы мен әл-ауқатын арттыру кіреді.
Кәсіпорынның 2024 жылы атқарған жұмыстары:
– 10 285 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды;
– 140 835 метр құбыр жуылды;
– 992 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды;
– теңгерімдегі нысандардан 5355 тонна лай мен қоқыс шығарылды;
– 674,5 шақырым магистральды коллекторлар мен жаңбыр, дренаж және нөсерлік кәріз желілері күтіп ұсталды;
– 18 тазарту нысаны, 1 су жинақтаушы тоған мен 118 дана сорғы станциясы тұрақты жұмыс істеп тұр.
«ELORDA ECO SYSTEM» – Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін 24/7 режимде жұмыс істейді.