Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында салтанатты іс-шарада «Elorda Eco System»ШЖҚ МКК үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. 200-ден астам маман қала басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Біздің команданың қажырлы еңбегінің арқасында ағымдағы жылы Астанада нөсер кәріздерінен 885 тоннадан астам лай мен балшық шығарылды. «Elorda eco system» ұйымы жер үсті ағындарын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде іс-шаралар жүргізуде.
Бұл мерекеге спортшылар Дәулет Тұрлыханов, Илья Ильин, Серік Сәпиев, елордалық мәслихат төрағасы Канан Каналимов, депутаттар Кендебай Адамбеков, Ғабит Тәжімұратов, Еран Дәкенов, Олжас Сыдықбек – «ELORDA AQPARAT»ЖШС Бас директоры келіп құттықтады.