РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН СҰЙЫҚТЫҚ ТӨГІНДІЛЕРІН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ

📢РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН СҰЙЫҚТЫҚ ТӨГІНДІЛЕРІН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ📢

Біздің кәсіпорын нөсер кәріз желісіне рұқсат етілмеген сұйықтық төгінділерін анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Бүгін Ә.Бөкейхан, №6 мен Сауран, № 12/2 көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендерінде бұзушылық әрекеттері тіркелді. Тұрғын үй кешенінен шығып жатқан шаруашылық-тұрмыстық қалдықтар «ElordaEcoSystem» ШЖҚ МКК қарасты нөсер құбырына құйылып жатқандығы анықталды. Аталған жайт ескерту айтылғанына қарамастын бірнеше рет қайталанған. Болған оқиға бойынша экологиялық және жергілікті полицияға хабарлама берілді. Сондай-ақ, нөсер құбырына рұқсат етілмеген көліктердің сұйықтық төгінділерін төгу фактісі де тіркелді. «ElordaEcoSystem» ШЖҚ МКК рұқсатынсыз мекемеге қарасты құбырлар мен магистральға сұйықтық төгінділерін төгуге болмайтындығын ескертеміз.