«САНДАР СӨЙЛЕСІН» АЙДАРЫ

«САНДАР СӨЙЛЕСІН» АЙДАРЫ

🔝«ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК – Астана қаласы мен қала маңындағы аумақтарда коллекторлар мен нөсер кәріз жүйелерін пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жаңғыртуға жауапты маңызды кәсіпорын.

📍Кәсіпорын 2020 жылы құрылған.

🔹Басты міндеттеріне:
– Астана қаласы бойынша толықтай нөсер кәріз желілерін күтіп ұстау;
– нөсер ағындары мен жер асты суларының жиналуын және бұрылуын қамтамасыз ету;
– нөсерлік және дренаждық кәріздер, сорғы станциялары мен тазарту құрылыстарына қызмет көрсету;
– инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету арқылы тұрғындар мен кәсіпорындардың жайлылығы мен әл-ауқатын арттыру кіреді.

📈Кәсіпорын жыл басынан бері:
– 9903 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды;
– 126 685 метр құбыр жуылды (соның ішінде соңғы 3 айда – 66 657 метр);
– 863 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды;
– Теңгерімдегі нысандардан 3939 тонна лай мен қоқыс шығарылды (соның ішінде соңғы 3 айда – 2650 тонна);
– 674,5 шақырым магистральды коллекторлар мен жаңбыр, дренаж және нөсерлік канализация желілері күтіп-ұсталды;
– 18 тазарту нысаны мен 118 дана сорғы станция тұрақты жұмыс істеп тұр.