ТЕХНИКАНЫҢ ЖҮРЕГІН ТІРІЛТКЕН МАМАН

📌ТЕХНИКАНЫҢ ЖҮРЕГІН ТІРІЛТКЕН МАМАН

⭐️Еңбек адамы – елдің тірегі. Осындай жандардың бірі – Нұрымбетов Ерлан Адырбекұлы. Ол «Elorda Eco System» кәсіпорнының жөндеу-механикалық шеберханасында моторист болып қызмет етеді.

🚜Кез келген техниканың басты бөлігі – оның моторы. Ал сол мотордың ақаусыз жұмыс істеуі кәсіби мотористің білімі мен шеберлігіне байланысты.30 жылға жуық жұмыс тәжірибесі бар Ерлан Адырбекұлы – ауыр техниканың жүрегін тірілтіп, ел игілігіне қызмет етіп жүрген нағыз кәсіби маман. Ерлан Адырбекұлы тек өз ісінің білікті маманы ғана емес, сонымен қатар әріптестеріне де үлгі бола білетін жан.

🔝Мұндай мамандардың еңбегі әрдайым бағалануы тиіс. Кәсіби шеберлігімен ел дамуына үлес қосып жүрген Ерлан Нұрымбетов сынды жұмысшы мамандық иелері – нағыз құрметке лайық тұлғалар!

#elordaecosystem #жұмысшымамандықтаржылы