Elorda Eco System ШЖҚ МКК «Qaz Dor Group» ЖШС-не тиесілі құрылыс объектісінен тиісті тазалаусыз нөсер кәрізі желісіне тұнба қоспасымен сұйықтықты рұқсатсыз төгу фактісін анықтап, тіркеді.
📑 Бұл құрылыс компаниясында техникалық шарт құжаты жоқ екені анықталды. Құрылыс компаниясына қатысты визуалды тексеру және техникалық тексеру актісі жазылды.
📂 Барлық материалдар Алматы ауданының табиғатты қорғау полициясының инспекторларына берілді. Қазіргі уақытта рұқсат беру құжаттарын алғанға дейін төгінділерді жүргізуге тыйым салынады.
❗ Біз экологиялық ережелерді сақтауды және қоршаған ортаны қорғауды жалғастырамыз. 📅 07.06.2024 г.