Құрметті Отандастар! Қадірлі Қазақ елі!
Баршаңызды мерейлі де мәртебелі мейрам – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
16 желтоқсан – ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан күн. Сондықтан, бұл мереке бәріміз үшін қасиетті де, қастерлі. Тәуелсіздік бізге ұлттық бірлік пен тұтастықтың, ұлы мақсаттар мен ортақ арманның құндылығын тереңірек түсіндіреді.
Айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке мен бірлік, тілейміз! Егемен еліміздің көк туы әрқашан биікте желбіреп, тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Ізгі ниетпен,
Астана қаласы әкімдігінің
«ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК