ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ: КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРІ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ: КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРІ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

«Elorda Eco System» кәсіпорны өндіріске жаңа технологияларды енгізу және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында сорғы станцияларын пайдалану бөлімінің механигі Роман Абильбаевты бір топ отандық делегат мүшелерімен бірге Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен жіберді.

Іс-сапар аясында делегация:
✅ Ханчжоу қаласындағы сорғы құрылғыларын шығаратын зауытқа барып, «NIS», «CDM», «XHL(T)», «CNP-TSURUMI», «NSC» маркалы тұрмыстық, кәріздік және екі жақты тарту мүмкіндігі бар сорғылардың құрастыру, жинақтау және жұмыс істеу тәртібімен танысты.

✅ Уси қаласындағы тазарту нысаны станциясының жұмысын зерттеп, ондағы заманауи технологиялар мен тиімді инженерлік шешімдерді талқылады.
Бұл сапар «Elorda Eco System» кәсіпорнының қызметін жетілдіруге, жаңа технологияларды енгізуге және су шаруашылығы саласында озық тәжірибелерді қолдануға үлкен мүмкіндік береді. Алынған білім мен тәжірибе алдағы уақытта өндірістік процестерді оңтайландыруға және кәсіпорынның өнімділік деңгейін арттыруға ықпал етеді.

#elordaecosystem#astana#халықаралықтәжірибе#инновация#жаңатехнологиялар