ҚОҒАММЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС КҮШЕЙЕ ТҮСПЕК
eOtinish.kz платформасы – халықтың үнін тыңдайтын құрал. «ElordaEcoSystem» ШЖҚ МКК қызметкерлеріне eOtinish.kz платформасымен жұмыс істеу бойынша оқыту өтті. Мекеме әкімшілігінің қызметкерлері қатысқан шарада Астана қаласы әкімдігі аппаратының өтініштерді қарау бөлімінің жетекшісі Нұрланова Әсел Еркінқызы спикер болды. Әсел Еркінқызы өтініштерді қарау және шешу тәжірибесімен бөлісіп, платформадағы жаңа функционалдар мен жұмыс тәсілдерін түсіндірді. Оқытудың негізгі мақсаты – қызметкерлердің платформамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Бұл азаматтардың өтініштеріне жылдам әрі сапалы жауап беруге, тұрғындардың мемлекеттік қызметтерге деген сенімін арттыруға ықпал етеді.