ҚҰЖАТ МӘДЕНИЕТІ: БҰЙРЫҚТАРДЫ РӘСІМДЕУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

ҚҰЖАТ МӘДЕНИЕТІ: БҰЙРЫҚТАРДЫ РӘСІМДЕУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

📎Құжат айналымы – кез келген ұйымның тиімді жұмыс істеуінің негізгі тетігі. Бұйрықтардың дұрыс әрі сауатты рәсімделуі – құжаттардың заңдық күшін арттырып, олардың орындалуын қамтамасыз етудің басты шарты. Бүгін «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорын мәжіліс залында «Бұйрықтарды дайындау және рәсімдеу талаптары» тақырыбында семинар-оқыту өтті.

🟢Семинарды Құжаттамалық қамтамасыз ету және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Бектемісова Бақыт Ғазизқызы жүргізді. Іс-шараға қызметтер мен бөлім басшылары, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Қатысушылар бұйрықтарды дұрыс рәсімдеу талаптары, құжат айналымындағы негізгі қағидалар туралы маңызды ақпарат алып, өз сұрақтарына жауап алды. Бұл семинар құжаттардың сапасын арттыру, ресми бұйрықтарды әзірлеу және рәсімдеу кезінде жиі кездесетін қателіктердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

👥Қатысушылар бұйрықтардың мазмұнын нақты әрі сауатты құрастырудың маңыздылығын талқылап, тәжірибелік мысалдар арқылы білімдерін шыңдады.

✅Семинар соңында қатысушылардың алған білімдерін шыңдау әрі сергіту мақсатында арнайы ойын ұйымдастырылды.

🔹Құжат сапасын арттыру – кәсіби қызметтің маңызды бөлігі. Сондықтан мұндай оқыту семинарлары қызметкерлердің құзыреттілігін арттырып, құжат айналымын жетілдіруге үлкен үлес қосады.

📌Алдағы уақытта да осындай пайдалы іс-шаралар өз жалғасын табады.

#elordaecosystem#astana#елорда#семинар