ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ


Құрметті қазақстандықтар! Қадірлі елорда тұрғындары мен қаржыгерлер!


Сіздерді тәуелсіздігіміздің айқын белгісі әрі ұлттық мақтанышымыз – Ұлттық валюта күнімен және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 1993 жылдың 15 қарашасында еліміздің төл ақшасы айналымға енгізіліп, жаңа экономикалық бағытқа жол ашылды. Қазіргі уақытта теңге еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді. Барша қазақстандықтарды Ұлттық валюта күнімен құттықтаймыз! Әрбір шаңыраққа бақ-береке дарып, барша қазақстандықтар бай қуатты болсын! Еліміздің мәртебесі асқақтай берсін!


Ізгі ниетпен,
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы