✅АРЫҚТАРДЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҚҰБЫРЛАРДЫ БУЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ✅

✅АРЫҚТАРДЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҚҰБЫРЛАРДЫ БУЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ✅

🔹«ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында кешенді іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асыруда. Қазіргі таңда «Байқоңыр» ауданында орналасқан 20 шақырымнан астам арық-науа желілері қардан тазартылып жатыр. Бұл жұмыстар арнайы техника мен кәсіпорын қызметкерлерінің көмегімен жүргізілуде.

💨🚜Сонымен қатар, арық жүйелерін байланыстыратын құбырларды мұздан арылту үшін «Урал» арнайы техникасының көмегімен буландыру жұмыстары атқарылуда.

🔝Бұл шаралар еріген қар суларының кедергісіз ағуын қамтамасыз етіп, су басу қаупін болдырмауға бағытталған.
Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігін және инфрақұрылым нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге арналған.

⭐️Біз су тасқынының алдын алу үшін жүйелі жұмысты жалғастыра береміз!