📢 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДӘРІС 📢

📢 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДӘРІС 📢

Астана қалалық қоғамдық кеңес мүшесі, Антикор еріктісі Тайтенова Самира Өмірбайқызы «Elorda Eco System» кәсіпорнының ұжымы үшін маңызды дәріс өткізді. Спикер қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі қағидаларын түсіндіріп, келесі мәселелерге ерекше тоқталды:

🔹 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары
🔹 Мемлекеттік сатып алу барысындағы жемқорлық тәуекелдері
🔹 Заң бұзушылықтардың салдары мен жауапкершілігі
🔹 Қоғамдық бақылаудың маңызы

Іс-шара барысында қызметкерлердің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріліп, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді әдістері талқыланды.

Бұл дәріс ұжымның құқықтық сауаттылығын арттыруға және ашық, адал жұмыс қағидаларын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

🔗 Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз!