🔹КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ: БКНС «ТҰРАНДА» ЖАҢА СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ🔹

🔹КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ: БКНС «ТҰРАНДА» ЖАҢА СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ🔹

✅Көктемгі су тасқынына қарсы дайындық аясында «Elorda Eco System» кәсіпорны қарқынды жұмыстар жүргізуде. Су тасқынының алдын алу және суды тиімді бұруды қамтамасыз ету мақсатында БКНС «Тұранда» жаңарту жұмыстары іске асырылды.

📌Атап айтқанда, 2016 жылдан бері пайдаланылып келген 8 ескі сорғы құрылғысы заманауи, өнімділігі жоғары жаңа жабдықтарға ауыстырылды. Енді станцияда қуаты 55 кВт және сағатына 1600 текше метр суды айдай алатын шведтік «Flygt» брендінің сорғылары жұмыс істейді.

📍Сонымен қатар, жаңарту жұмыстары барысында «Тұран» БКНС аумағынан 100 текше метр лай мен қоқыс тазартылды. Нәтижесінде станция үлкен көлемдегі суды жылдам өңдеп, қаланың су бұру жүйесінің тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жаңартылған жүйе жабдықтардың шамадан тыс жүктелуін азайтып, олардың қызмет көрсету мерзімін ұзартуға да ықпал етеді.

✔️Бұл жұмыстар көктемгі су тасқынының алдын алуға, инженерлік инфрақұрылымның сенімділігі мен тиімділігін арттыруға айтарлықтай үлес қосады.