1600 ММ СУ КОЛЛЕКТОРЫ ТАЗАРТЫЛЫП ЖАТЫР
«ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны бас қаланың экологиялық тазалығын сақтау мен тұрғындар үшін жайлы ортаны қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысын қарқынды түрде жалғастыруда. Қазіргі уақытта «Көктал» шағын ауданында орналасқан № 3/2 тазарту нысанында диаметрі 1600 мм су жеткізу коллекторы лай мен қоқыстан тазартылып жатыр. Тазарту жұмыстары механикалық әдіспен, арнайы «жүк тартқыш» («лебедка») көмегімен жүргізілуде. Бұл шаралар тазарту нысанының тиімділігін арттыруға бағытталған.