Құрметті қазақстандықтар, елорда тұрғындары!
Сіздерді Тәуелсіз еліміздің әрбір азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!
Бұл күн – ата-бабамыздың арманы жүзеге асып, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.
1990 жылдың 25 қазанынан бастап бүкіл әлемге егемендік жариялай отырып, біздің еліміз жаңа тәуелсіз мемлекет құра бастады. Бүгін біз Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы жетістіктерін, оның халықаралық аренадағы жетістіктерін мақтан тұтамыз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Әрбір шаңыраққа бақ-береке және ырыс тілейміз!
Еліміздің мәртебесі тек жоғарылап, биікке шарықтай беруіне тілектеспіз!
Ізгі ниетпен,
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы