«ELORDA ECO SYSTEM» КӘСІПОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК басшысы болып Бейбіт Болатұлы Жаваров тағайындалды.
Кәсіпорын ұжымына жаңа басшыны Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Сыздықов таныстырып, қызметіне сәттілік пен табыс тіледі. Басқарма басшысы Бейбіт Болатұлына бас қаланың су бұру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, көктемгі су тасқынына қарсы дайындық іс-шараларын күшейту сынды бірқатар маңызды міндеттерді жүктеді.
Бейбіт Болатұлы Қазақ ұлттық аграрлық университетін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша – инженер-гидротехник және экономист.
Еңбек жолын 2010 жылы «Қазсушар» РМК-да инженер болып бастаған. 2013-2024 жылдары «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК, «Көкшетау Су Арнасы» МКК техникалық даму бөлімінің басшысы болған.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінге дейін «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасары қызметін атқарды.
#elordaecosystem #elorda #astana


